"Өзін-өзі тану" сабағын негізгі пәннен таңдау пәніне айналдырады

672

Бір кезде Сара Назарбаеваның бастамасымен пайда болған "өзін-өзі тану" пәні енді оқушылардың таңдауына қарай бір сыныпта ғана оқытылады. Ал осы мамандық бойынша университетте оқып жатқан немесе диплом алған адамдар қайтеді? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысынан кейін жауап берді.

"Өзін-өзі тану" сабағын негізгі пәннен таңдау пәніне айналдырады

"Өзін-өзі тану пәні қосымша емес, міндетті пән ретінде бір емес, бес емес бірнеше жыл оқытылып келді. Жұмасына бір сағат өткізіледі. Біз биыл шешім қабылдадық. Келесі оқу жылынан бастап осы пән бір сыныпта оқушылардың таңдауымен оқытылады. Мысалы, оқушылар бесінші сыныпта осы пәнді оқимыз деп таңдауы мүмкін. Таңдамаса, міндетті пән ретінде мүлде оқытылмайды", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Қай сыныпта таңдау мүмкіндігі ұсынылатыны әлі нақтыланбады.

Оның айтуына қарағанда, "өзін-өзі тану" пәнін негізгіден таңдау пәніне айналдыру шешімі "жүргізілген талдау нәтижесінде" қабылданды. Министр "саяси астары бар ма?" деген сауалға жауап беруден бас тартты. 

"Университеттерде әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану" деген мамандық болды. Оның ең бірінші мамандығы – әлеуметтік педагог. Сондықтан диплом алған жастар әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істейді. Ал мектептерде бұл пәннен көбіне басқа пән мұғалімдері қосымша оқытқан. Олар өз мамандықтарымен сабақ беруді жалғастырады. Жоғары оқу орындарында осы мамандықтың бастапқы бірінші, екінші курсында оқып жүрген студенттер басқа мамандыққа ауыса алады", – деп түсіндіреді Аймағамбетов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу