"Өзін-өзі ұсынғанымен, ештеңе істемеді": Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайратқа қатысты мәлімдеме жасады

1360

 Ақша ұрлады деген күдікке ілінген Перизат Қайрат –  пара үстел теннисі федерациясының президенті. 

"Өзін-өзі ұсынғанымен, ештеңе істемеді": Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайратқа қатысты мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Даудан кейін федерация да Перизатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Пара үстел теннисі федерациясы 14 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында Перизат Қайраттың ұсталып, тергелуіне байланысты федерация президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

"Перизат Қайрат федерация мүшелерінің хаттамалық отырысында президент қызметіне тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол ұйымға ешқандай қатысы болмағанымен, пара үстел теннисін одан әрі дамыту және федерацияға қаржылай көмек көрсету мақсатында өз кандидатурасын ұсынған. Оның президенттік қызметі бір айдан сәл астам уақытқа созылды, бірақ осы уақыт ішінде оның басшылығымен бірде-бір кездесу немесе маңызды бастама болған жоқ”, – деп мәлімдеді пара үстем федерациясы.

Федерация ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына сай жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу