Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек

394

"E-salyq Business" мобильді қосымшасын қолдана отырып жұмыс істейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек Фото: Inbusiness.kz

1 қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем күшін жояды. Себебі бұл жүйе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға ғана енгізілген еді. Оның уақыты 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұдан былай бұл азаматтар кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық режимін таңдауға тиіс. Қазір оның үш түрі бар. Олар мөлшерлемесі 1 пайыздық патент, 3 пайыздық оңайлатылған декларация немесе 4 пайыздық  бөлшек салық режимі.

"Мысал үшін жеке кәсіпкерлер жаңадан ашылған, оларға өте қолайлы "E-salyq Business" мобильді қосымшасын қолдана отырып жұмыс істейтін арнаулы салық режимін қолданса болады. Ондағы салық мөлшерлемесі небары 1 пайызды құрайды. Және содан бөлек аталған азамат әлеуметтік төлемдерді де төлеуі керек. Оның сомасы бас-аяғы зейнетақы қорына кететін, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар медициналық сақтандыруға кететін ақшалардың барлығын есептегенде  17 мың теңгеден асады", -дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу