Өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылықтар сақтандыру қорына 11 млн теңге аударған

1092

Жалпы салымдар бойынша оңтүстік астана тұрғындары көш бастап тұр.  

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылықтар сақтандыру қорына 11 млн теңге аударған

Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 44,2 млрд тенге ақша аударған. Бұл қор ашылғалы бері салынған қаржының басым бөлігі.   

"44,2 млрд тенгеге бірыңғай жинақтық төлем  де кіреді.  Оның басым бөлігін жұмыс берушілер аударған. Жыл басынан бері 3,8 мың өзін өзі жұмыспен қамтыған алматылық 11,7 млн теңге төлем  жасаған. Басқа қалалармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш",– дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық бөлімінің директоры Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдан бері қор тегін медициналық көмек алатындарға көрсетілген қызмет ақысын төлеп келген. Келесі жылдан бастап қазақстандықтар толығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді. Ал 15 қарашаға дейін қазақстандықтар электронды үкімен порталы арқылы қалаған емханаларына тіркеуге тұра алады. 

Алматы бойынша 895 участок бар. Биыл бір дәрігерге шаққандағы жүктеме 1529 адамға төмендеді. Арнайы нормативтер бойынша жалпы тәжірибелік дәрігерге тиесілі емделуші саны 1700 адамнан аспауы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу