Өзін-өзі жұмыспен қамтыған табысты кәсіпкерлердің 89%-ы алматылықтар

Бұл санаттағы азаматтардың 95,1%-ы қалада тұрады. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған табысты кәсіпкерлердің 89%-ы алматылықтар Фото: ranking.kz

2022 жылдан бастап ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар арасында ең ауқаттыларды анықтау шкаласын ұлғайтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Енді ең бай кәсіпкерлер мен тәуелсіз жұмысшылар 2021 жылғыдай 500 мың теңге табысына байланысты емес, 1 млн теңге табысы бойынша есептеледі.

Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халыққа барлығы 8,9 млн адам жатады.  Оның 6,8 млн-ы жалдамалы жұмысшылар, 2,1 млн-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 

Ұлттық статистика бюросының мамандары жеке кәсіпкерлер;  АҚ құрылтайшылары, қатысушылары, әртүрлі жеке серіктестіктер;  тәуелсіз жұмысшылар;  өндірістік кооперативтердің мүшелері;  жеке практикадағы адамдардың табысын есептеген.

Жалпы, Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы мардымсыз болып көрінеді. Осы санаттағылардың 24,8%-ы (528,9 мың адам) өткен жылдың төртінші тоқсанында айына 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін табыс тапқан.

Тағы 358,9 мың азамат ең төменгі жалақыдан төмен табыс алды: 37,4 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. 

Тағы жарты млн-ға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалақысы 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болды. 

Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санында медианалық жалақыдан (204 мың теңге) айтарлықтай төмен жалақы алатын тәуелсіз жұмысшылар басым болды: 81,4% немесе 1,7 млн азамат.

Табысы 500 мың теңгеден асатын ауқатты кәсіпкерлердің үлесі аз болып шықты: бар болғаны 1% немесе 22,3 мың адам. Оның тең жартысының жалақысы 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін (10,3 мың адам). 

2022 жылдың қазан-желтоқсан айларында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 6 мыңға жуық қазақстандық айына 800 мыңнан 1 млн теңгеге дейін алса, осыншама адам миллионер болып есептелді.  2022 жылдың бірінші тоқсанында табысы 1 миллион теңгені құрайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірнеше есе азайды: бар болғаны 1,2 мың адам.

Жалақысы 1 млн теңгені құрайтын барлық өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 89%-ы алматылықтар (5,3 мың адам).  Тағы 9%-ы, яғни 541 адам Астана қаласы мен Ақмола облысында тұрады. Өте аз үлес (шамамен 2%) Маңғыстау және Ұлытау өңірлерінде тіркелді.  Басқа аймақтарда миллиондаған табысы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жоқ.

Санаттағы барлық азаматтардың 95,1%-ы қала тұрғындары (5,7 мың адам) болып шықты. Тек 293 адам (4,9%) ауыл кәсіпкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу