Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып 12 млн теңге пара талап еткен

408

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып 12 млн теңге пара талап еткен Фото: бейнеден скриншот

Түркістан облысының тұрғыны өзін арнайы қызмет қызметкері  деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.

Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі.

ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу