Өзін "ямайкалықпын" деп таныстырған жігіт Алматы тұрғыны болып шықты

403

Оны бірнеше күннен бері туыстары іздеп жүрген.  

Өзін "ямайкалықпын" деп таныстырған жігіт Алматы тұрғыны болып шықты Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматы қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату орнына құжаттары жоқ ер адам жеткізілді. Жеке басын анықтау барысында ол өзін 19 жастағы Ямайка азаматы ретінде таныстырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, ақпараттық базалар арқылы жүргізілген тексеру ер адамның сөздерін жоққа шығарған. Көп ұзамай оның шын мәнінде кім екені анықталған.

"Белгілі болғандай, ол 2003 жылы туған Алматы қаласының Алатау ауданында тұратын Қазақстан азаматы болып шықты. Сонымен қатар ол іздеуде болған. Ер адамды бірнеше күннен бері туыстары іздеп жүрген.

Полиция қызметкерлері оның әкесін анықтап, онымен байланысқа шыққан. Көп ұзамай әкесі қабылдау-тарату орнына келіп, ұлын таныған.  Тексеру барысында ер адамның психикалық ауруға шалдыққаны белгілі болды", – делінген ақпаратта.

Барлық мән-жай анықталғаннан кейін ол аман-есен әкесіне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу