Өзіне қол жұмсағандардың дені ер адамдар

921

2019 жылы Қазақстанда 3,8 мың суицид орын алған.

Өзіне қол жұмсағандардың дені ер адамдар

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,4%-ға жоғары. Яғни, 2018 жылы 3,5 мың жағдай тіркелген, деп хабаралады Ranking.kz. 

Өз өзіне қол салғандардың басым бөлігі (3 мың) ер адамдар. Көрсеткіштер 2018 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға өскен. Ал суицидке баратын әйелдер санының жалпы есепте аз болуына қарамастан, 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер де 11,1%-ға артқан. 
2019 жылы өз өзіне қол салуға 4,8 мың адам оқталған. Бұл 2018 жылдан 13%-ға жоғары (4,2 мың адам болатын). Өткен жылы 2,8 мың ер адам, 1,9 мың әйел өмірмен қош айтыспақ болған. 

Жалпы суицидтердің 180-нін кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасаған. Оның 121-і ұл бала, 59-ы қыздар. Ал өз өзіне қол салуға оқталу бойынша нәзік жандылар көш бастап тұр (270 қыз бала, 81 ұл). 

Елдегі суицидтердің негізгі себептері: жалғыздық (294 жағдай), материалдық жағдайдың төмендігі (205), ауыр дерт (136). 

Өңірлер бойынша бұл жағымсыз статистиканың алдыңғы қатарынан Алматы, ШҚО, Түркістан облыстары табылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу