Өзінің 10 айлық нәрестесін ұрған әйелге қатысты тергеу басталды

1061

Павлодарда 10 айлық сәбиді аяусыз ұрған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзінің 10 айлық нәрестесін ұрған әйелге қатысты тергеу басталды

Полиция қызметкерлері Instagram-дағы видеоларға мониторинг жүргізу барысында бір әйелдің өз баласын ұрғанын көрген. Бұл фактіні Павлодардағы солтүстік полиция бөлімі тіркеп, күдіктінің жеке басын анықтауға кіріскен. 

"Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды", – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов. 

Сәбидің денсаулығын дәрігерлер тексеріпті.

"Нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде ол ауруханада жатыр. Ол дәрігерлердің бақылауында. Анасы кәмелетке толмаған 3 баланы асырап отырғаны анықталды: 12, 14 жас және 10 айлық сәби", – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу