P.Diddy-дің үстінен 100-ден аса адам арыз жазған

304

100-ден астам адам қамауға алынған рэпер П.Диддиге (Шон Комбс) қарсы жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен сотқа жүгінуге ниетті.  

P.Diddy-дің үстінен 100-ден аса адам арыз жазған Фото: NA Regnum

Бұл туралы Daily Mail порталы адвокат Тони Бузби мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Адвокаттың айтуынша, сот процестері "жыныстық зорлық-зомбылық, жыныстық қанау, сондай-ақ зорлау" бойынша жүреді. Сонымен қатар, арыздарда не болғаны, қайда болғаны және осы қылмыстарға кім қатысы бар екендігі туралы толық ақпарат көрсетіледі.

Адвокат жәбірленушілерге жанашырлық танытуға, сондай-ақ оқырмандардың бірі зардап шеккен немесе қылмыстың куәгері болған жағдайда полицияға хабарласуды сұрады.

P.Diddy 16 қыркүйек күні кешке ұсталды. Оның Майами мен Лос-Анджелестегі үйлеріне тінту жүргізілді.

Музыкантқа жыныстық қанау мақсатында адам саудасымен айналысу, жезөкшелікке салу үшін қылмыстық әрекеттерді ұйымдастыру мен адамдарды тасымалдау бойынша айып тағылды. Ол барлық айыптауларды жоққа шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу