Паделден Қазақстан ұлттық федерациясы халықаралық топқа енді

541

Қазақстан Падел Халықаралық Федерациясының 70 мүшесі атанды

Паделден Қазақстан ұлттық федерациясы халықаралық топқа енді

Паделден Қазақстан ұлттық федерациясы 7 шілдеде Рим қаласында өткен жыл сайынғы Ассамблеяда Халықаралық федерацияның толық мүшесі атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Паделден Халықаралық федерацияның барлық мүшесі бірауыздан оң дауыс берді.

Жыл сайынғы Ассамблеяға Халықаралық федерацияға мүше 64 ел және Қазақстанды қоса алғанда 8 кандидат ел қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасының атынан ұлттық федерацияның вице-президенті Темірлан Қайратұлы Қрымов және ұлттық федерацияның Бас хатшысы Арслан Абулғазин қатысты. Қазақстан Падел Халықаралық Федерациясының 70 мүшесі болды, бұл Халықаралық Олимпиада комитетіне кіруге өтінім беруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу