Жыл басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскені мақсатына сай қолданбағанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңге болатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.