Пайдалы бастамалар көтеретін білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қажет – Президент

100

Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр.  

Пайдалы бастамалар көтеретін білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қажет – Президент Фото: vecher.kz

Мемлекет басшысы ауыл әкімдіктерінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен жұмыс жағдайын жақсарту қажеттігіне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бәріңізге белгілі, елдегі өзгерістердің арқасында мемлекеттік қызметке мүлде жаңа адамдар келіп жатыр. Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервін ерекше атап өткен жөн. Резервке қосылуға өтініш берген 30 мыңға жуық үміткердің ішінен 450 адам іріктеліп алынды. Олардың 72 пайызы басшылық қызметке тағайындалды. Кадрлар құрамын жаңарту үдерісі биліктің бүкіл тармағында және барлық деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл – уақыт талабы. Бірақ осындай жауапты жұмыста саяси науқаншылдыққа жол бермеу керек.

Ең алдымен, тиімді ұсыныс айтып, пайдалы бастамалар көтеретін, батыл шешім қабылдай алатын азаматтарды, яғни кәсіби тұрғыдан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке көптеп тарту қажет. Біз осы маңызды жұмысты жалғастыра береміз", – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу