Пайдасы жоқ кәсіпқой клубтарға миллиардтарды төгіп жатырмыз – Ерлан Саиров

1021

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен Ерлан Саиров спорт федерациясының басшылары спортты дамытуға емес, бюджет қаражатын игеруге назар аударатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Пайдасы жоқ кәсіпқой клубтарға миллиардтарды төгіп жатырмыз – Ерлан Саиров

Ерлан Саировтың сөзінше, Щучинскідегі шаңғы трамплиніне 38 млрд теңге жұмсалған. Бірақ нәтиже болмаған. 

"Биыл бұқаралық спортты дамытуға 2-ақ млрд теңге бөлінді. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері мен жаттықтырушылардың материалдық-техникалық жағдай нашар. Ал спорт федерациясына басшы болған олигархтар спортты дамытуға емес, бюджет қаржысын игеруге әуес. Біз квалификациясы жоғары ұлттық жаттықтырушылар базасын жасамай, легионерлерге, пайдасы жоқ кәсіпқой клубтарға миллиардтарды төгіп жатырмыз", – деді депутат. 

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, спорт адам капиталын дамытуға мүмкіндік береді. Мақсатқа жету үшін өңірлердегі талантты жастарды жаттықтыру қажет. 

Қанат Махамбет 

Фото: ortalyq.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу