Пайдасыз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады

371

Елге еш пайдасы жоқ делдал ұйымдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарыла бастады.

Пайдасыз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады Фото: Үкімет

Осылайша Үкімет, энергия нарығына тәртіп орнатуды көздеп отыр. Басты мақсат  тұтынушылар үшін электр қуатының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды ысыру.

Премьер- Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сай сәуірден бастап нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің мөлшерін дербес белгілей алатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу