Пәкістан Ауғанстандағы жағдайды Азия елдерімен талқыламақ

802

Бұған дейін Ресей "Талибанды" террористік ұйымдар тізімінен шығару және Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

Пәкістан Ауғанстандағы жағдайды Азия елдерімен талқыламақ

Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Ауғанстандағы жағдайды және екіжақты қатынастарды нығайту мәселелерін талқылау үшін Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Иранға іссапармен барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Пәкістанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Пәкістан билігі көрші елдер Ауғанстандағы бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа өте мүдделі деп санайды. Осы орайда ортақ мәселелерді шешу үшін бірлесе жұмыс атқаруымыз керек",– деді Пәкістан СІМ-нің ресми өкілі Асим Ифтихар Ахмад. 

Оның айтуынша, Пәкістан Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Иранмен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті.

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі "Талибанды" (Ресейде тыйым салынған) террористік ұйымдар тізімінен шығару және Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға қатысты мәлімдеме жасаған еді. "Тәліптерді террористік ұйымдардың тізімінен шығару және Ауғанстанның жаңа билігін мойындауға асығып отырған жоқпыз. Шешім шығарарда Ауғанстанның жаңа билігінің нақты қадамдары және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сүйенеміз", – деді ведомство басшысының орынбасары Олег Сыромолотов.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу