Пәкістан Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылдаған жоқ

875

Исламабад бұл елден бас сауғалап қашқандарға көмек көрсетуге дайын екенін жариялады.

Пәкістан Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылдаған жоқ Фото: reuters.com

Пәкістанның ішкі істер министрі Шейх Рашид Ахмад Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылданған жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бізге Ауғанстаннан босқындар легі ағылады деп ойладық, бірақ Пәкістанға босқын ретінде ауғанстандық келген жоқ", – деді министр.

Оның айтуынша, мұндай мәртебе ешкімге берілмеген. Сонымен қатар Пәкістан министрі жергілікті биліктің Ауғанстаннан келгендерге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ол Пәкістанға Ауғанстаннан бас сауғалап қашқан кез-келген ұлт өкіліне 21 күндік транзиттік виза берілетінін айтты.Бұған дейін Пәкістан шекарашылары шекарадан заңсыз өтпек болған ауғанстандық босқындарға оқ атқаны туралы хабарланған болатын.

30 тамызда АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтап, барлық әскери күштерін шығарды. "Талибан" соңғы америкалық сарбаз кеткеннен кейін Ауғанстан толықтай тәуелсіз болды деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу