Жүк кемесі Польшадағы порт арқылы өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Economic Times басылымына сілтеме жасап.
Пәкістанның жүк тасымалдау және брокерлік фирмасы Project Shipping қаңтардың екінші жартысында Украинаға арналған оқ-дәрілері бар 159 контейнерді Карачи портынан Польшаның Гданьск портына жіберуді жоспарлап отыр.
Пәкістан оның орнына Украина Ми-17 тікұшақтарын жаңартуға көмек береді деп күтеді.
"Авиациялық қозғалтқыштарды, сондай-ақ өнеркәсіптік теңіз газ турбиналарын шығаратын украиналық фирма пәкістандық тікұшақтарды жаңартуға көмектесетіні туралы мәлімдеді", - деп хабарлады басылым дереккөздері.
1991 жылдан 2020 жылға дейін Украина Пәкістанмен 1,6 миллиард долларға жуық қару-жарақ келісімшарттарын жасағанын айта кету керек. Пәкістан 320-дан астам украиндық Т-80УД танктерін сатып алды, кейінірек Киевпен 85,6 миллион долларға осы танктерді жөндеуге келісім жасады.