Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі шекара өткелі жабылды

408

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі "Торхам" өткелі жабылып, мыңдаған көлік өте алмай тұр.  

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі шекара өткелі жабылды Фото: kun.uz

Соның салдарынан азық тасымалы тоқтап, екі жақта да бизнес зардап шегіп отыр. Барлығы 6 мыңдай көлік тұр. Ал өткізу пунктінің жабылу себебі белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Талибан" өкілі дүйсенбіде Reuters агенттігіне берген сұқбатында "Пәкістан транзитке, саяхатшылар мен емделуді мақсат еткен науқастарға рұқсат беру туралы міндеттемесін орындамады" деп мәлімдеген. Пәкістан үкіметі бұл мәселеге қатысты ашық мәлімдеме жасаған жоқ.

Дегенмен жергілікті тұрғындардың айтуынша, Торхам пунктінде ақпанның 20-сында қарулы қақтығыс болған. Тәліптер мұны растамай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу