Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін 2 күнге ұзартты

165

Пәкістан мен Үндістан, сейсенбі күні келіссөз жүргізіп, атысты тоқтатудың қазіргі режимін 18 мамырға дейін ұзарту туралы келісті.  

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін 2 күнге ұзартты Фото: Reuters

Бұл туралы inbusiness.kz сайты India today агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешім жөнінде Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді.

Парламентте сөйлеген сөзінде ол екі елдің әскерилері бейсенбі күні бір-бірімен байланысып, кейін саяси диалогқа көшетін атысты тоқтату келісімін ұзарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"10 мамырда жасалған атысты тоқтату туралы бастапқы келісім 12 мамырға дейін күшінде болды. Содан кейін ол 14 мамырға дейін, енді 18 мамырға дейін ұзартылды", - деді Исхак Дар парламент депутаттарына.

Ол осы уақытқа дейін әскери деңгейдегі келіссөздің атысты тоқтату режимін сақтауда маңызды рөл атқарғанын және жан-жақты саяси келіссөз 18 мамырдан кейін басталатынын қосып өтті.

"Үндістанмен жан-жақты және нәтижеге бағытталған келіссөз жүргізіледі. Мақсат – біреудің артықшылығын мойындау емес, мәселелерді теңдік негізінде шешу, - деп баса айтты Пәкістан СІМ басшысы.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас 22 сәуір күні Үндістанның одақтас Джамму мен Кашмир аумағындағы Пахалгам қаласында болған терактіден кейін шиеленісті. Теракт салдарына 25 үндістандық пен 4 непалдық мерт болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу