Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу