Пәкістан Ресейге сауданы ақшамен емес, тауар айырбастау арқылы жүргізуді ұсынды

182

Сол арқылы Пәкістан өзінің қаржылық қиындықтарын еңсермек.

Пәкістан Ресейге сауданы ақшамен емес, тауар айырбастау арқылы жүргізуді ұсынды Фото: Speedcam.online

Астанадағы ШЫҰ аясында Ресей президенті Владимир Путин Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті, деп жазады Inbusiness.kz.

Владимир Путиннің айтуынша, екі ел арасындағы қарым-қатынас іскерлік әрі достық бағытында дамып келеді.

"Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас іскерлік әрі достық тұрғыда... ондаған жылдар бойы дамып келеді", - дейді Ресей мемлекетінің басшысы.

Сондай-ақ, Путин энергетика және агроөнеркәсіптік бизнес саласындағы ынтымақтастықтың екі ерекше перспективалы бағытын атап өтті. Ресей Федерациясының Президенті елдер арасындағы тауар айналымын арттыру мүмкіндігін жоғары бағалады.

"Әсіре тауар айналымының өсуін қамтамасыз етуге әбден болады. Біздің болашағымыз жарқын боларына үмітім зор", - деді Путин.

Шахбаз Шариф өз кезегінде Ресеймен сауда қатынастарын айырбастау шарттарымен кеңейту уақыты келді деп мәлімдеді.

"50-ші, 60-шы, 70-ші жылдары бізде айырбастау шарттарымен тауар айналымы болды... Менің ойымша, қазір қаржылық және банктік мәселелерді шешіп, айырбастау шарттарымен қарым-қатынасымызды кеңейтетін уақыт келді", – деді ол.

Үкімет басшысы айырбастау шарттарымен сауда жасау Пәкістанға қиындықтарды жеңуге көмектесуі мүмкін екенін жасырмады.

ШЫҰ саммитінде 16 мемлекеттің басшылары мен Үкімет басшылары бас қосады. Форумға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те қатысады. Кездесудің негізгі бағдарламасы 4 шілдеге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу