Пәкістан ресейлік мұнай үшін доллармен есеп айырғысы келмейді

440

Пәкістан билігі Ресей мұнайына төлем жасаудың балама нұсқаларын қарастырып жатыр. 

Пәкістан ресейлік мұнай үшін доллармен есеп айырғысы келмейді Фото: РИА Новости

Пәкістанның Энергетика министрі Мұхаммед Әли Ресейдің энергетикалық апталығы аясында төлемдер доллармен жасалмайтынын растады, деп жазады inbusiness.kz "РИА Новости" порталына сілтеме жасап.

Іс-шараға келген шенеунік бұл мәселе әлі де қаралу сатысында екенін айтты. Мұхаммед Әли мұндай төлемдермен байланысты туындауы мүмкін мәселелер туралы да түсініктеме берді.

"Менің ойымша, бұл мәселелер де шешімін табады. Мен ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын", - деді ол.

Мұхаммед Әли "Әлемдік мұнай-газ нарығы: турбуленттілік кезеңнен қалай өту керек" сессиясында сөз сөйледі.

"Болашақта біз төлемдерді АҚШ долларымен емес, басқа валюталарда жасау мүмкіндігін қарастырамыз. Біз бұл мәселе бойынша талқылауға ашықпыз", — деп қосты Пәкістан Энергетика министрлігінің басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу