Пәкістан Сенаты Ердоғанды Нобель сыйлығына ұсынды

515

Пәкістан Парламентінің Сенаты Украина дағдарысын шешуге талпынысы үшін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Нобель сыйлығына кандидатурасын ұсынды. 

Пәкістан Сенаты Ердоғанды Нобель сыйлығына ұсынды Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбіде Anadolu агенттігі Пәкістанның заң шығарушы органының шешіміне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Тынымсыз күш-жігердің, екі тараппен де уақтылы әрі тиімді қарым-қатынастың арқасында Ердоған жаһандық апаттың алдын алды", - деді агенттік Пәкістан Сенатының спикері Садик Санжранидің Норвегияның Нобель комитетіне Жолдауынан.

Түркия парламентінің спикері Мұстафа Шентоп өткен аптада Ердоғанның Нобель сыйлығына "Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін" ұсынылатынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу