Пәкістан Үндістанға жойқын соққы жасауға дайындалуда

197

Екі ел араздығы басыла қойған жоқ, Пәкістан тарапы Үндістанды зымыран шабуылын жасады деп айыптап, Үндістанның Әуе күштері 6 баллистикалық зымыран ұшырғанын алға тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пәкістан Үндістанға жойқын соққы жасауға дайындалуда Фото: gazeta.ru

Reuters агенттігінің мәліметінше, Пәкістан армиясының ресми өкілі Ахмед Шариф Чаудри зымырандар Үндістанның Адампур қаласынан ұшырылғанын айтқан.

Олар Пәкістан аумағындағы бірнеше әуе базаларды, соның ішінде Исламабад қаласынан 10 шақырым жердегі Равалпинди қаласында орналасқан Нур Хан базасын нысанаға алған.

Чаудридің мәлімдеуінше, Пәкістанның Әуе күштеріне тиесілі нысандарға зиян келмеген.

Оның айтуынша, 6 зымыранның бесеуі Үндістан аумағында, Пенджаб штатында атып түсірілген.

"Үндістан енді біздің жауабымызды күтуге тиіс", - деген Чаудридің сөзін Reuters агенттігі жеткізді.

Үндістан әзірге бұл айыптауларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Үндістан мен Пәкістан Кашмир аймағында бір-біріне тағы да оқ жаудырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу