Пәкістанда 500-ден аса адамға АИТВ жұқтырған дәрігер қамауға алынды

924

2017 жылы аймақта бұл вирусты 20 мыңнан астам адам жұқтырған болатын.

Пәкістанда 500-ден аса адамға АИТВ жұқтырған дәрігер қамауға алынды

Пәкістанның оңтүстік аймағындағы 500-ден астам тұрғын адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған. Олардың көбі балалар екені анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі болғандай аймақтағы балалар дәрігері емдеу барысында барлық науқасқа бір шприц қолданған екен.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Күдікті қамауға алынды.

Оның бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Ал дәрігер тағылған айыпты мойнына алмайды.

Медициналық тексеру барысында дәрігерде де бұл қауіпті вирус бар екені анықталды.

Сарапшылардың айтуынша, Пәкістанда 600 мыңнан астам біліксіз дәрігер жұмыс істейді. Үнемдеу мақсатында олар науқастарға қолданатын шприцті ауыстырмайтын көрінеді.

Айта кетейік, 2017 жылы аймақта бұл вирусты 20 мыңнан астам адам жұқтырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу