Пәкістанда автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты

525

15 адам зардап шекті.

Пәкістанда автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты Фото: Point.md

Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Хафизабад ауданында жолаушылар автобусының пикаппен соқтығысып, жолаушылар көлігі өртене бастаған.

Кем дегенде 20 адам тірідей жанып кетті, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы құтқару және денсаулық сақтау қызметкерлері хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Құтқару қызметінің сөзінше, апат Фейсалабад Toll Plaza автожолында таңертең болған. Автобус отын тасымалдап бара жатқан пикаппен соғысқан, сол себепті де өрт басталды.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына келіп, зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізді, деп хабарлады құтқару қызметі.

Кейбір зардап шеккендерді күйік шалған, олардың үшеуі ауыр жағдайда.

Құтқару қызметінің мәліметінше, автобуста 40-қа жуық жолаушы болған.

Автобус елдің оңтүстігіндегі Карачи порт қаласынан астанасы Исламабадқа бет алғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу