Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Парачинар қаласындағы базарда орын алған жарылыстан кемінде 25 адам қаза тауып, тағы 87-сі жараланды. Бұл туралы Dawn газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Жарылыс сенбі күні қаланың көкөніс базарында орын алған. Басылымның ақпараты бойынша, жарылғыш зат көкөніс салынған жәшікке қойылыпты.
Жарылысты "Лашкар-э-Джангви-аль-Алами" эктремистік топ өз мойнына алды, 2015 жылы Парачинарда қолөнершілер базарында болған дәл осындай терактінің салдарынан 25 адам көз жұмған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу