Пәкістанда бортында 107 жолаушысы бар ұшақ құлады

675

Қаза тапқандар мен қайтыс болғандар туралы ақпарат әлі жарияланбады.

Пәкістанда бортында 107 жолаушысы бар ұшақ құлады

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында  бортында 99 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі бар ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, pk 8303 маркалы әуе кемесі елдімекенге құлаған. BBC басылымы оның салдарынан тұрғын үйлер қирап қалды деп мәлімдеді.

Әзірге апаттан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жарияланбады. Сонымен қатар апатқа не себеп болғаны да әлі белгісіз. Оқиға орнына мамандар көп кешікпей тез жеткен. Қазір сол маңда құтқару операциясы жүріп жатыр.

Ескере кететін жайт, бұл апат Пәкістан әуе арқылы сауда тасымалына рұқсат бергеннен кейін бірнеше күн өткеннен соң орын алып отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу