Бұл туралы РИА Новости елдің Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
"Бастапқы есептерге сәйкес, Ұлттық желінің жүйелік жиілігі сағат 07.34 (Астана уақытымен 08.34) төмендеді, салдарынан электр желісі бұзылды", - деді Пәкістан Энергетика министрлігі Twitter-де.
Электрмен жабдықтау кейінірек Исламабад пен Пешавардағы бірнеше желілік станцияларда қалпына келтірілгені атап өтілді.
Қазіргі уақытта басқа электр желілік станцияларда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу