Пәкістанда қарулы топ 14 адамды қырып салды

715

Қарулы адамдар автобусты тоқтатып, жолаушылардың құжатын тексерген. Содан кейін бірнеше адамды автобустан мәжбүрлеп шығарып, оларға оқ жаудырған.

Пәкістанда қарулы топ 14 адамды қырып салды

Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы топ автобусқа шабуыл жасап, 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Associated Press.

Агенттік ақпары бойынша, Белужістан провинциясының оңтүстік-батысындағы Гвадар қаласына бара жатқан автобуста 30-ға жуық адам болған. Қарулы адамдар автобусты тоқтатып, жолаушылардың құжатын тексерген. Содан кейін бірнеше адамды автобустан мәжбүрлеп шығарып, оларға оқ жаудырған.

Олардың бұл әрекетінің себебі белгісіз. Әзірге ешбір топ шабуылды мойнына алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу