Пәкістанда қатты нөсер салдарынан 14 адам қаза тапты

637

Жауын-шашын 11 қыркүйекте басталды.

Пәкістанда қатты нөсер салдарынан 14 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батыс Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған нөсер салдарынан үйлер қирап, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. 

Қаза тапқандар – Торгар ауданы мен Абботтабад қаласының тұрғындары. Олардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Жауын-шашын 11 қыркүйекте басталды. Хайбер-Пахтунхва провинциясында көшкін жүріп, су тасқыны болды. Шалғай аудандардағы елді мекендер арасындағы көлік байланысы тоқтап қалды. 

Апат салдарын жою үшін билік зардап шеккен аудандарға құтқару топтары мен инженерлік техникаларды жіберді.

8 қыркүйекте Мексиканың Хидалго штатындағы су тасқыны кесірінен 17 адам ажал құшқан еді. Сол аймақта тұратын 30 мыңнан астам адам зардап шекті. Құтқару және жөндеу жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу