Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясындағы көмір шахтасында белгісіз біреулердің қарулы шабуылынан 20 шақты кенші қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Бұл туралы полиция өкілі хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Қарулы адамдар Дуки ауданындағы көмір шахтасының тұрғын үйлеріне басып кіріп, ер адамдарды қоршауға алып, оқ жаудырған. Қаза тапқандар ішінде үшеуі және жараланғандар арасында төртеуі ауғандықтар.
Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ.
Агенттік шабуылдың Исламабадта өтетін ірі қауіпсіздік саммитіне байланысты ұйымдарған болуы мүмкін деген жорамал жасап отыр.