Пәкістанда лаңкестер полицияның штаб-пәтеріне шабуыл жасады

195

Зардап шеккендер бар.

Пәкістанда лаңкестер полицияның штаб-пәтеріне шабуыл жасады Фото: Global Look Press/PPI

Пәкістанның Пешавар қаласындағы полицияның штаб-пәтерінде лаңкестер жасаған жарылыс салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

"Бастапқыда үш лаңкес штаб-пәтерге шабуыл жасамақ болған. Олардың бірі қақпа маңында бомбаны жарып жіберді, ал қалған екеуі ішке өтпек болған, бірақ полицейлер оларды атып өлтірді", – деп хабарлады полиция.

Жарылыс салдарынан үш тәртіп сақшысы көз жұмды, тағы екеуі жарақат алған.

Оқиға қаладағы халық көп жүретін көшелердің бірінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 шамасында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу