Жарылыс адамдар Альфала жолындағы Медина мешітінің жанындағы Ид-и-Миладун Наби шеруіне бара жатқанда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz dawn.com сайтына сілтеме жасай отырып.
"Террорист полиция бастығының орынбасары (DSP) көлігінің жанында жарылды", — деді бас инспектордың орынбасары (DIG) Мунир Ахмед Reuters агенттігіне.
Жарылыс мешіттің жанында, адамдар мемлекеттік мереке — Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өту үшін шеруге жиналған кезде болған.
Тыйым салынған "Техрик-и-Талибан Пәкістан" ұйымы оның шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу