Пәкістанның Лахор қаласындағы Дата-Дарбар ғибадатханасының маңында жойқын жарылыс болды. Қайғылы оқиғадан 8 тұрғын қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Олардың тең жартысы ауыр халде жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Пенджаб провинциясының қарулы күштер отырған көліктің күлі көкке ұшты. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу