Пәкістанда мыңдаған адам Трамптың шешіміне қарсы ереуілге шықты

737

Пәкістанда мыңдаған адам Трамптың шешіміне қарсы ереуілге шықты

Пәкістанның Равалпинди қаласында мыңдаған адам Дональд Трамптың Иерусалим мәртебесіне қатысты шешіміне қарсы ереуілге шықты. Олардың арасында Палестинаның Пәкістандағы елшісі де бар, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, желтоқсанның басында АҚШ президенті Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындайтынын жария етумен қатар, Тель-Авивтегі елшілігін осы қалаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұл бірқатар елде жаппай наразылық тудырды. Пәкістан билігі Трамп мырзаның бастамасы халықаралық құқыққа қайшы келеді дейді. Сондай-ақ бұл шешім Таяу Шығыстағы ахуалды одан да бетер шиеленістіреді деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу