Пәкістанда пойыз өртінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті

1031

Ондаған адам жарақат алған. 

Пәкістанда пойыз өртінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті

Жергілікті тәртіп сақшыларының дерегі бойынша, пойыз Карачидан Равалпиндиге бара жатқан кезде өртке оранған. Апатқа тамақ пісіруде пайдаланылатын газ баллонының жарылуы себеп болған. Қызыл жалын үш вагонды шарпыған. 

Пенджаб провинциясы билігінің хабарлауынша, марқұмдардың басым бөлігі өрт шалған пойыздан секіріп, ажал құшқан. Қазір мамандар қаза болғандардың аты-жөнін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Осы оқиғаға қатысты тергеу басталып кетті. Темір жол қозғалысы бірнеше сағаттан кейін қалпына келтірілмек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу