Пәкістанда сепаратистердің шабуылы салдарынан 7 адам қаза тапты

Оқиға Мач қаласына жақын жерде болған. 

Пәкістанда сепаратистердің шабуылы салдарынан 7 адам қаза тапты Фото: interfax.ru

30 қаңтарға қараған түні Белуджистан Азаттық армиясының (BLA) сепаратистік әскерилендірілген ұйымы Белуджистан провинциясына шабуыл жасады. Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде жеті адам қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Мач қаласының маңында орын алған. Атыс кезінде бір полицей, сондай-ақ, кем дегенде тағы алты содыр опат болды. Сонымен қатар, жергілікті қауіпсіздік органдары 15 адамның зардап шеккені туралы мәлімдеді.

"18 қаңтар күні Пәкістандық әскерилер ұйымның Ирандағы позицияларына оқ жаудырып, тоғыз адамның өмірін қиды деп мәлімдегеннен кейін, Белуджистан Азаттық армиясы (BLA) бұған дейін Белуджистан мен басқа провинциялардағы Пәкістан қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаймыз деп қорқытқан", – деп атап өтілген хабарламада.

Сондай-ақ, екі күн бұрын Иран Пәкістандағы радикалды топтарға соққы берді.

Бұдан басқа, дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан Пәкістанға барып, әріптесі Джалил Аббас Джиланимен кездесті. Елдер лаңкестікпен бірлесіп күресуге және шекара қауіпсіздігіне қатысты одан әрі шаралар қабылдауға келісімін берді.

Айта кету керек, Белуджистан Азаттық армиясының (BLA) негізгі мақсаты – аумақтары Ауғанстан, Иран және Пәкістанға тиесілі Белуджистан аймағының егемендігі мен тәуелсіздігі. Топ ол үшін бірнеше тіпті ондаған жылдар бойы күресіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу