Пәкістанда су тасқыны 77 адамның өмірін қиды

835

Жауын-шашын салдарынан жеті бөгет жарылып, бірқатар аудан су астында қалды. Пәкістанда нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 62-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пәкістанда су тасқыны 77 адамның өмірін қиды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нөсер жаңбыр Белуджистан, Пенджаб және Хайбер-Пахтунхва провинцияларында, сондай-ақ Гилгит-Балтистан аймағында жауған.

Белуджистанда 5 шілдеден бері апаттан ажал құшқандардың жалпы саны 49-ға жетті. Олардың бесеуі суға батып қаза болды. Төрт бала ғимарат қабырғасының астында қалып мерт болды.

Жауын-шашын салдарынан жеті бөгет жарылып, бірқатар аудан су астында қалды. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу