Шілде айының басынан бері Пәкістанда тоқтаусыз құйған нөсер жаңбыр су тасқынына ұласып, кем дегенде 195 адам қаза тапты. Бұл туралы Express Tribune елдің Ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасына (NDMA) сілтеме жасап, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"1 шілде мен 17 тамыз аралығында кем дегенде 195 адам қаза тауып, 362 адам зардап шекті", — деп жазады басылым.
Сонымен қатар NDMA есебінде жауын-шашыннан туындаған жойқын су тасқыны екі мыңнан астам үйді қиратқаны жазылады. Табиғи апат бүкіл ел бойынша 44 шақырымнан астам жолдар мен 30 көпірге зақым келтірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу