Теннисші қыз жарыс кезінде көз жұмды

1575

Ол жүрек талмасынан қайтыс болған. 

Теннисші қыз жарыс кезінде көз жұмды Фото: PAKTENNIS

17 жастағы пәкістандық теннисші Зайнаб Али Накви Исламабадтағы жасөспірімдер арасында ITF-J30 санатындағы турнир кезінде көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пәкістан теннис федерациясы таратқан мәліметке қарағанда, дүйсенбі күні спортшы қыз кортта жаттыққан. Ол сейсенбіде матч өткізуі тиіс болатын.

Кешкісін қыздың мәйітін әжесі қонақүй бөлмесінен тапқан. Марқұмның өлімі ауруханада тіркелді, ол жүрек талмасынан қайтыс болған.

Пәкістан теннис федерациясының президенті Айшам Куреши Накви ойнауы тиіс корттың оның есімімен аталатынын жеткізді. Сондай-ақ Пәкістан астанасында алдағы аптада болатын турнир теннисшінің құрметіне арналмақ.

Аталмыш ITF-J30 жарысы теннисшіні еске алу есебінде бір күнге тоқтатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу