Пәкістанда VPN пайдалану харам болып саналады

168

Елде шариғат заңы бойынша азғындықты насихаттайтын әрекеттерге тыйым салынған.

Пәкістанда VPN пайдалану харам болып саналады Фото: Факти БГ

Пәкістанның Ислам идеялары кеңесінің төрағасы Рағиб Хуссейн Наими бұғатталған немесе заңсыз сайттарға кіру үшін VPN пайдалану харам екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Әдепсіз немесе күпірлікке толы мазмұндағы блоктарды айналып өту үшін пайдаланылатын VPN күнәні насихаттайды. Үкіметтің ислам құндылықтарына қайшы келетін VPN қызметтерін бұғаттаған жөн”, – деді ол. 

2023 жылдың мамыр айының басында Ислам идеялары кеңесі әлеуметтік медианы және онлайн-контентті реттеу шараларын ұсынды. Оның ішінде әлеуметтік медианы арнайы реттеушіде тіркеу және "хабарландыру науқандарын" жүргізу де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу