Пәкістанда зауытқа жасалған шабуыл салдарынан екі полицей мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды

272

Оқиға Дера-Исмаил-Хан ауданында болды. 

Пәкістанда зауытқа жасалған шабуыл салдарынан екі полицей мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды Фото: pixabay.com

Сейсенбі күні Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы мұнай бұрғылау компаниясының зауытына жасалған шабуыл кесірінен полицияның екі қызметкері мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанның аймақ полициясы суперинтендантының орынбасары, офицер Шер Улланың айтуы бойынша, таңертең қолдарына қару ұстаған кем дегенде 20 содыр зауытқа кірмек болған.

Зауыттың негізгі қақпасында тұрған полицейлер тез арада әрекет етіп, шабуылға тойтарыс берді. Алайда, қаскүнемдер қашуға мәжбүр болды.

Офицердің мәліметтеріне сәйкес, шабуыл жасалған жерде мұнай ұңғымасы мен қызметкерлердің үйлері бар. Шабуылдаушылар аймаққа кіре алған жағдайда соңы одан да қайғылы жағдайға ұласуы әбден мүмкін еді.

Сондай-ақ, зауытта полиция мен әскерилендірілген күштердің көп деңгейлі қауіпсіздігі бар. Олар елдегі лаңкестік әрекеттер санының артуына байланысты жоғары дайындықта болды.

"Жарақат алған полицейлер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Содырлар тауға қарай қашып кеткен. Полиция олардың кімдер екенін өздері қалдырған айғақ дәлелдердің көмегімен анықтап жатыр", - деді офицер Шер Улла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу