Пәкістанда жарылыстан 13 әскери қызметші қаза тапты

171

Елдің Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристан ауданында лаңкес жарылыс жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пәкістанда жарылыстан 13 әскери қызметші қаза тапты Фото: Reuters

AFP агенттігінің мәліметінше, лаңкес мина қойылған көлікті армия керуеніне бағыттаған. Шабуыл салдарынан тағы 10 сарбаз және 19 бейбіт тұрғын жарақат алған. Жарылыстан жақын маңдағы үйлер де зардап шеккен — екі ғимараттың шатырлары құлап, үйінді астында алты бала қалып қойған.

Қазіргі уақытта бұл шабуыл үшін ешбір лаңкестік ұйым жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Дегенмен, бұл өңірде "Техрик-и-Талибан Пакистан" (TTP) содырлары белсенді әрекет етеді.

Бұл оқиға елде террорлық белсенділік көбейген кезде болып отыр. Наурыз айының өзінде Пәкістан армиясы Оңтүстік Вазиристандағы ұқсас шабуылдан кейін TTP-дің 10 содырдың көзін жойғанын хабарлаған. Сондай-ақ, наурызда BLA содырлары Jaffar Express пойызын жарып, 21 жолаушы мен 4 әскери қызметкерді өлтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу