Пәкістанда жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.
7 қыркүйекте ел аумағында 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кветта қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан және 10 шақырым тереңдікте жатыр.
Пәкістанның апаттарға қарсы күрес басқармасы 15-20 адамның ажал құшқанын хабарлады. Апат құрбандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр.
22 қыркүйекте Австралияда жер сілкінісі болды. Салдарынан Виктория штатының астанасы Мельбурндағы 40 үй мен бірқатар ғимарат қирады. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6-ға жеткен. Кейбір аудандар электр жарығынсыз қалды.
Табиғат Нұрболат