Пәкістанда егістік алқаптары шайылып кетті

562

Инфляция 24,9%-ға өсті.

Пәкістанда егістік алқаптары шайылып кетті

Су тасқыны болған соң, Пәкістандағы егістік алқаптары шайылып кетті. Салдарынан бұл жақта азық-түлік пен жеміс-жидектің бағасы күрт шарықтады. Себебі инфрақұрылым жарамсыз болып қалған. Базарларға тауар жеткізу өте қиын. 220 млн халқы бар ел аштықтың азабын тартуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Өткен айда инфляция 25 пайызға жуықтады.

Естеріңізге салайын, нөсердің соңы тасқынға ұласып Пәкістан 1 мың 100 азаматынан айырылған. Инфрақұрылымды қалыпқа келтіру үшін кемі млрд-таған доллар керек. Ауыл шаруашылығына қанша шығынның келгені әлі белгісіз.

Аграрлық сектор – Пәкістан экономикасының ең басты табыс көзі. Жылына 80 млрд доллардың өнімін шығарып келген ел қазір дағдарып отыр. Халықтың 40 пайызы осы салада жұмыс істеп, нәпақасын табатын еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу