Пәкістандағы лаңкестік әрекеттен кемінде 23 полиция қызметкері қаза тапты

273

Жанкешті лаңкес полиция бөлімшесінде жарылыс жасаған. 

Пәкістандағы лаңкестік әрекеттен кемінде 23 полиция қызметкері қаза тапты Фото: AP

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған лаңкестік әрекеттен кемінде 23 қауіпсіздік қызметкері опат болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Agence France-Presse ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, жанкешті лаңкес жарылысты полиция бөлімшесінде жасаған. Оқиға үшін жауапкершілікті "Техрик-и-Талибан Пәкістан" радикалды тобы өз мойнына алды.

"Жарылыс түнде адамдар ұйықтап жатқан кезде болды. Көпшілігі азаматтық киім киген. Қазір, біз олардың барлығы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері екенін анықтап жатырмыз", - деп түсіндірді пәкістандық шенеунік Agence France-Presse ақпарат агенттігіне.

Айта кетейік, осыған дейін "Техрик-и-Талибан Пәкістан" радикалды тобы Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристан аймағында өзінің "көлеңкелі үкіметін" құрды. Радикалды топ пәкістандық тәліптер Талибанмен бірге өз аумағында орналасқан бұл топпен күресуден бас тартқан Ауғанстанның кең қолдауына ие.

Пәкістан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ауғанстанда тәліптер билікті басып алған 2021 жылдың тамыз айынан бері Пәкістандағы лаңкестік әрекеттер саны 60 пайызға өсіп, 420-ға жеткен. Ал жанкештілердің қатысуымен болған терактілердің жалпы саны 500%-ға өсіп, 141-ге дейін жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу