Пәкістандағы Синд провинциясында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандардың саны 51-ге жетіп, 100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті биліктің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 36 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.
Алда келе жатқан пойыздың рельстен шығып кетуі соқтығысуға әкеліп соққан.Артынан келе жатқан пойыздың жүргізушісі тежегішті басқанымен де, пойызды тоқтата алмаған.Құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды, жарақат алғандарды медициналық мекемелерге жеткізу үшін тікұшақтар қолданылды.
Қазір бірінші пойыздың рельстен шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр.
Табиғат Нұрболат