Пәкістандағы су тасқынынан 45 адам қаза тапты

101

Жалпы саны 442 тұрғын үй зардап шеккен. 

Пәкістандағы су тасқынынан 45 адам қаза тапты Фото: Анадолы

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында 25 наурыздан бері жауған нөсер жаңбыр салдарынан кемінде 45 адам қаза тауып, 105 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Провинциялық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өңір тұрғындарының қаза табуы мен жарақат алуына негізінен күшті су ағынынан шайылған ғимараттардың құлауы себеп болған.

Жалпы саны 442 тұрғын үй зардап шеккен, оның ішінде 60 үй табиғи апат салдарынан толықтай қираған.

Ведомство өкілдері 6-9 сәуір аралығында тағы да қатты жауын-шашын болатынын ескертіп отыр. Осыған байланысты халыққа аса қажеттілік болмаса, табиғи апат қаупі жоғары аймақтарға бармау қатаң түрде ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу